Түркістан: Төлебилік азамат мемелекеттік көмектің арқасында өз бизнесін ашты
Түркістан: Төлебилік азамат мемелекеттік көмектің арқасында өз бизнесін ашты
Түркістан облысы Төлеби ауданының тұрғыны Ержан Утеулиев мемлекеттік көмекті пайдалана отырып автокөлік жөндейтін станция ашып алды. Бұған дейін жұмыссыз жүрген үш баланың әкесі Үкіметтен 555 600 теңге мемлекеттік грантқа ие болып, 600 мың теңгеге автокөліктің доңғалақтарын туралауға арналған құрылғы сатып алған. Қазіргі таңда, осы жұмыстың арқасында өз отбасын асырап отыр, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Жалпы ауданда 2020 жылы жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты 150 азаматқа беру жоспарланған. Бүгінге дейін 60 азамат аталған көмекті алып үлгерген.
Айта кетейік, аудан көлемінде нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында оңды істер атқарылуда.
Өткен жылы аталған бағдарламаның көмегімен 460 азамат жаңа бизнес идеяларын жүзеге асырған. Олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен көп балалы отбасы мүшелері және аз қамтылған отбасы мүшелері мен жастар бар.