Арыста «Жастар жылына» орай 2019 түп ағаш отырғызылды

05 Желтоқсан, 2018 1242 0

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: Биылғы дәстүрлі халыққа арнаған Жолдауында келер жылды «Жастар жылы» деп бекітіп, «Болашақ ұрпақты, өз елінің нағыз патриоттарын тәрбиелеп өсіруде табиғатты сақтаудың және туған жерді құрметтеудің маңыздылығын» ерекше атап өткен болатын.

Осы орайда, Түркістан облысы, Арыс қаласындағы «Дендросаябақта» қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 2019 жыл «Жастар жылы» аясында және 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, «Ағаш ек, гүл ек – туған жерді түлет» атты ағаш егу акциясы өтті, деп хабарлайды Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі. 

Акция барысында келер жылдың маңыздылығын ескере отырып, жастардың бастамасымен 2019 түп ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстарын бастап, шара барысында ән айтып, көңілді қуантар әзілдерімен қатар қаламыздағы колледж студенттері флэшмоб ұйымдастырды.



Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.