Атырау облысында 193 адамнан туберкулез анықталды
Атырау облысында 193 адамнан туберкулез анықталды
Атырау облысында биылғы жеті айда 193 адамнан туберкулез дерті анықталып отыр, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері директорының міндетін атқарушы Серік Әбішевтің мәліметінше, биыл туберкулезге шалдыққандар саны 20-25 пайызға азайды.
«Биылғы 7 айда туберкулез ауруы 193 адамнан анықталып отыр. Былтыр осындай мезгілде 225 науқас есепке алынған еді», - дейді Серік Әбішев.Оның айтуынша, диспансерде коронавирусқа шалдыққандар үшін провизорлық орындар құрылған. Бүгінде төсек-орындар саны 50 пайыз қысқарған.
«Диспансердегі провизорлық стационардан соңғы он күннің ішінде 30 адам емделіп шықты. Ал, тамыздан бері провизорлық керует санын 50-ге дейін азайттық. Қазір 10-ға жуық науқас ем алып жатыр. Олардың арасында жасанды желдету аппаратына қосылған пациент жоқ. Пандемия жағдайына қарамастан, диспансерде жоспарлы ем жүргізу процесі, күрделі операциялар жасау жалғасуда», - деді ол.