weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
14 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Атырау облысында 193 адамнан туберкулез анықталды

Атырау облысында 193 адамнан туберкулез анықталды

Атырау облысында 193 адамнан туберкулез анықталды
ашық дереккөзі
 width= Атырау облысында биылғы жеті айда 193 адамнан туберкулез дерті анықталып отыр, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. Облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері директорының міндетін атқарушы Серік Әбішевтің мәліметінше, биыл туберкулезге шалдыққандар саны 20-25 пайызға азайды.
«Биылғы 7 айда туберкулез ауруы 193 адамнан анықталып отыр. Былтыр осындай мезгілде 225 науқас есепке алынған еді», - дейді Серік Әбішев.
Оның айтуынша, диспансерде коронавирусқа шалдыққандар үшін провизорлық орындар құрылған. Бүгінде төсек-орындар саны 50 пайыз қысқарған.
«Диспансердегі провизорлық стационардан ​ соңғы он күннің ішінде 30 адам емделіп шықты. Ал, тамыздан бері провизорлық керует санын 50-ге дейін азайттық. Қазір 10-ға жуық науқас ем алып жатыр. Олардың арасында жасанды желдету аппаратына қосылған пациент жоқ. Пандемия жағдайына қарамастан,​ диспансерде жоспарлы ем жүргізу процесі, күрделі операциялар жасау жалғасуда», - деді ол.
 
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→