Біз Лукашенконы легитимді деп айта алмаймыз. Өйткені Белоруста әділ демократиялық сайлау болған жоқ.
Литва президенті Гитанас Науседа «Александр Лукашенко Белорустың заңды президенті емес» деп мәлімдеді 14 тамызда sky.com -ға берген сұхбатында.
Бұл туралы
NewsRoom+ Ақпарат тілшісі
Skifnews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
«Біз Лукашенконы легитимді деп айта алмаймыз. Өйткені Белоруста әділ демократиялық сайлау болған жоқ», - деп атап өткен Гитанас Науседа.
Оның айтуынша, Лукашенко билігі барлық саяси тұтқындарды босатып, оппозициямен диалогқа отыру керек.
«Ең әуелі Белорус билігі жағдайды қалпына келтіретін басқа жол жоқ екенін түсінуі керек», - депті Литва президенті.
Сондай-ақ ол Белорустағы жағдайға бей-жай қарап отыра алмайтындарын, өйткені ол елдегі жағдайға Ресейдің араласуынан қауіптенетінін де айтқан.
Ал Александр Лукашенко болса, құрылыс саласы бойынша жиналыс өткізіп, сол отырыста: «Ең әуелі мен тірімін, біздегі кейбір сыйлы адамдар айтып жатқандай елден кетіп, шетел асқан жоқпын», - деді.
Белоруста президент сайлауы қортындыларынан кейінгі қарсылық әлі жалғасып жатыр. Бейбіт қарсылық акциясына шыққан халықты күштік құрылымдар аяусыз таяққа жығып, 7 мыңдай адамды ұстағаны мәлім.