Жаңалықтар

Бейнебақылаудың көмегімен Алматыда үш мыңнан аса қылмыс ашылған

  Как видео с камер улучшают статистику предотвращения и ...

Бейнебақылаудың көмегімен Алматыда жыл басынан бері 3 мыңнан астам қылмыстың беті ашылған. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті хабарлайды, деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігі.
Жедел жағдайды бақылау, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар Алматы қаласында құқық бұзушылықтардың алдын алу және ашу, қоғамдық орындарда, метрода, қала жолдарында, түзету мекемелерінің жанында және тағы басқа орнатылған бейнебақылау камераларының мүмкіндіктері қолданылады. Қаланың түрлі нысандарында 2 мыңға жуық бейнекамера, Универсиада-2017 нысандарында - 1 мың 173 бейнекамера орнатылды. Сондай ақ "Жол қозғалысының қауіпсіздігі" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің жобасы бойынша 105 пост, оның ішінде 694 бейнекамера пайдалануға берілді. Білім беру нысандарында 3962 бейнебақылау камералары орнатылды. "Қауіпсіз аула" қағидаты бойынша көппәтерлі тұрғын үйлерге 33 454, жеке сектор көшелерінің қиылысында 4210, жеке тұрғын үйлердің аулаларында 33 014 бейнекамералар орнатылған. Жалпы әртүрлі меншік нысандарындағы 6 мың 766 нысанда 43 мың 847 бейнекамералар орнатылды.