Жетісай мектептерінде ЖИТС-ке қарсы акция өткізілді

05 Желтоқсан, 2018 449 0

1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында Түркістан облысының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесіп Жетісай ауданының бірқатар мектептерінде акция өткізді.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру, АИТВ (ВИЧ) жұқпасының алдын алу, қорғану туралы жастарды ақпараттандыру мақсатында өткен іс-шарада алкогольдік ішімдіктер мен темекінің, есірткінің зияндығы түсіндіріліп, жеке бас гигиенасы нұсқалды. Дәрігер мамандар 3-желтоқсан күні Жетісай ауданындағы Асықата кенті, «Ю. Гагарин» атындағы жалпы орта мектебінде «СПИД - ХХІ ғасыр індеті!»тақырыбында, ал «№4 Абай» мектеп гимназиясында «Өз мәртебеңді біл!» ұранымен акция өткізді. 

4-желтоқсан күні «№14 Н. Ондасынов» жалпы орта мектебінде «Өзіңді АИТВ (ВИЧ) жұқпасынан қорға!» ұранымен өткен акциядан соң, тақырыпқа орай оқушылардың көріністері тамашаланды. Сондай-ақ, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары дайындаған «Өмір сүру құқығы!» атты бейнеролик көрсетілді. 

Оқушылар салауатты өмір салтын насихаттаған акция барысында жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромы, оның белгілері және алдын алу жолдары туралы толық ақпарат алды. 



Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.