"Тараз-Аренаға" Жақсылық Үшкемпіровтің есімін беру ұсынылды
"Тараз-Аренаға" Жақсылық Үшкемпіровтің есімін беру ұсынылды
"Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Жақсылық Үшкемпіровтің ұлттық күрес мектебінің қалыптасуы мен дамуына, қазақстандық спортты жоғары деңгейде насихаттауға қосқан үлесін атап өтіп, бұл бастаманы қолдағаны үшін халық өкілдеріне алғысын білдірді", - делінген хабарламада.Спорт кешенінің атын өзгерту туралы ұсыныс Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жіберіледі. Естеріңізге сала кетейік, классикалық күрестен кеңес спортшысы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, классикалық күрестен Олимпиада чемпионы, еркін күрестен Қазақ КСР чемпионы, әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіров 70 жасында қайтыс болған еді.