Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
14 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан облысында заңсыз құм өндіру фактісінің жолы кесілді

Түркістан облысында заңсыз құм өндіру фактісінің жолы кесілді

Түркістан облысында заңсыз құм өндіру фактісінің жолы кесілді
ашық дереккөзі
Полицейлер азаматтарды табиғат қорғау заңнамасын сақтауға және табиғатты қорғауға шақырады. "Таза Қазақстан" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Шардара АПБ-не жергілікті тұрғынның бірі Жаушықұм ауылында заңсыз құм қазып алып, тасымалдап жатқандығы туралы ақпарат келіп түскен, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі zakon.kz. порталына сілтеме жасап. Хабарлама бойынша Шардара АПБ-нің ЖПҚБ-нің табиғатты қорғау тобының аға инспекторы полиция майоры Бекмұхаммед Теңгебаев оқиға орнына шықты. Тексеру барысында 3 жергілікті тұрғын "КамАЗ" жүк көлігіне шамамен 8 куб шағыл құм артып келе жатқан жерінен ұсталды. Тәртіп сақшылары тәртіп бұзушыларға құмды қазып алынған жеріне қайта төктіріп, жүк көлігін тәркілеп, айыптұрағына қойды. Жинақталған іс-құжаттары заңды шешім қабылдап, тұрғынның қоршаған ортаға келтірілген залалын бағалау үшін Түркістан облысы экология департаментіне жолданды. Жалпы, Шардара АПБ-нің қызметкерлерімен жыл басынан бері осындай заңсыз құм қазып алып, тасымалдауға байланысты 8 жайт тіркеліп, құжаттары тиісті органға жіберілген. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарды табиғат қорғау заңнамасын сақтауға және табиғатты қорғауға шақырады.