Түркістан: Мектептерде ТЖ орын алған кезіндегі іс-әрекеттер көрсетілді

05 Желтоқсан, 2018 415 0

2018-2019 жылдардағы қысқы кезеңді қауіпсіз өткізу жөніндегі іс-шараларды дайындау және ұйымдастыру мақсатында 1-4 желтоқсан күндері Түркістан облысы, Кентау қаласының білім беру бөліміне қарасты, №2, №4 және №12 мектептерінде Кентау қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі мамандары мұғалімдер мен оқушыларға төтенше жағдай кезінде қорғану тәсілдерін көрсетті. 

Түркістан облысы, Кентау қаласының Төтенше жағдай бөлімі қызметкерлерімен бірге үш мектептің мұғалімдері және 1000-ға жуық оқушы өрт-тактикалық жаттығуларына қатысты. Кентау қаласының ТЖ бөлімінің аға инженері Ф. Джолдасов оқушыларға «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі қағидалары», «Төтенше жағдайлар орын алған кездегі іс-әрекеттер», «Адамдар жаппай жиналатын орындарда өрт қауіпсіздігі қағидалары» тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 Сақтық шаралары туралы жадынамалар таратылды. Оқушылар өрт оқиғасы орын алған кезде қалай эвакуация жасауды, қауіпсіз орынға шығу тәсілдерін, құтқару, барлау және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуді үйренді.



Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.