Талдықорғанда танымал қазақстандық журналист, тележүргізуші Бейсен Құранбектің муралы салынып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ке сілтеме жасап NewsRoom+ақпарат агенттігі.
Мурал журналист жұмыс істеген "Жетысу" телеарнасының маңындағы үйдің қабырғасында пайда болады. Портреттің авторы жас суретші - Еркеғали Иманғали.
"Біз үшін Бейсен Құранбек журналист қана емес, ол - ұстаз, өңірдің дамуына өз үлесін қосқан тұлға. Ол көптеген жас журналисті тәрбиеледі, Қазақстандағы мыңдаған адамның мәселесін шешті. Бұл жобаны жүзеге асыру біз үшін зор құрмет", - дейді суретші.Еске сала кетсек, 2020 жылдың 18 мамырында танымал тележүргізуші Бейсен Құранбек бақилық болды. Ол 2013 - 2017 жылдары Qazaqstan телеарнасында "Айтуға оңай", "Қарекет", бағдарламаларын жүргізушсі болған. Алматы облысындағы "Жетысу" телеарнасының бас директоры қызметін атқарған.