​Түлкібаста қазақ күресінен ашық біріншілік өтті

05 Желтоқсан, 2018 340 0

Түркістан облысы Түлкібас ауданына қарасты Шақпақ-баба ауылында аудандық №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің залында Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай қазақ күресінен жарыс өтті, деп хабарлайды  Түлкібас аудандық дене шынықтыру бөлімі. 

Жасөспірімдер арасында өткен ашық біріншілікте қатысушылар 13 салмақ дәрежесінде күш сынасып, өзара мықтыларды анықтады. Ұлдар арасында 23, 26, 29, 32, 35, 38, 42, 46, 50, +50 көрсеткіштегі салмақ иелері сыналса, ал қыздар арасында 44, 48, 52 салмақтағылар сынға түсті. Өте тартысты әрі қызықты өткен жарыс қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орын Ұрбұлақ командасына бұйырды. 

Ал ІІ орынға №3 БЖСМ командары лайық деп танылды. Бәйгедегі бәсекелестерін басып озған Дауан командасының спортшылары І орынды жеңіп алып, жақындарының сенімін ақтады. Жеңіс тұғырынан көрінген барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге аудандық №3 БЖСМ-нің дипломы табысталып, медальдармен марапатталды.



Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.