Карантинге байланысты жұмысы тоқтаған кәсіпкерлерге жәрдемақы төлене ме?
Карантинге байланысты жұмысы тоқтаған кәсіпкерлерге жәрдемақы төлене ме?
Карантинге байланысты әлі де болса жұмысы тоқтап тұрған кәсіпкерлерге 42 500 теңге төленетіні туралы айылды, деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігі.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев жауап берді.
«Тыйым салынған қызмет түрлері әлі де бар, сондықтан бұл мәселені талқыладық. Қазір біз өзіміздің ұсыныстар пакетін дайындап жатырмыз. Объектілерді аралап шықтық. Бизнес өкілдері адамдар демалыста отыруға мәжбүр, ал ешқандай кіріс жоқ дегенді айтуда. Бұл негізінен бюджет мүмкіндігіне байланысты. Қалай болғанда да біз өтемақы төленуін және оны ұзатуды сұрайтын боламыз», - деді Эльдар Жұмағазиев.Сондай-ақ салық, несие және жалға беру құнын төлеуді кейінге қалдыру да қарастырылуда.