Жаңалықтар

Шырылдап шындықты айттым: белгілі журналист Жанат Бақыт жұмысынан қуылды

Шырылдап шындықты айттым: белгілі журналист Жанат Бақыт жұмысынан қуылды

   width= Танымал журналист, Алматы арнасының тележүргізушісі Жанат Бақыт жұмысынан қуылды, деп хабарлайды  Newsroom+Ақпарат агенттігі. Жақында ғана көрерменге жол тартқан "Неге?" ток-шоуына шығып , қазақтың шыбынша қырылып жатқанын шырылдап жеткізгені үшін жұмысынан қуылған. Естеріңізде болса, маусым-шілде айларында халық дәріханадан дәрі таппай, жерлеуге орын таппай дал болған еді. ИВЛ аппараттары жетіспей қаншама адам ажал құшты. Қоғам белсенділері бірігіп, мыңнан ИВЛ аппараттарын еліміздің әр өңіріне жеткізген еді. Жанат Бақыт та бұл қайырымдылық шарасына белсене қатысқан болатын. Жанат Бақыт өз инста парақшасында жазба қалдырды: "Эфирден кеттім. Не үшін? "Неге?" хабарына шығып шындықты айтқаным үшін. Алматы қаласының саясатына қарсы келгенім үшін. Тілсіз қуыршақ болмағаным үшін. "Екінші толқын дейсіздер, сіздер бірінші толқынға дайын болмадыңыздар, қанша қандасым өлді!" дегенім үшін; "Almaty.tv" кешіріп қоярсыздар, қазағым шыбынша қырылып жатқанда, қарапайым парацетомол таппағанның кесірінен қазағым өліп жатқанда, оттегі аппаратының жоғынан туысым өліп жатқанда мен үнсіз тұра алмадым. Айтқаным үшін емес, үндемегім үшін өзімді кешірмес ем. Сол себепті еш өкінбеймін. Халық арасында ақиқатында не болып жатқанын біреу айту керек қой? Шындықты айтқан адамды жұмыстан шығара берсе эфирде ешкім қалмайтын шығар. Қалса да қаймақ емес көк суы қалар... Парақшаңа тыр жалаңаш фото қойсаң бұл-норма, бірақ шындықты жазсаң-эфирде көрінбеуің керек. Журналистика-төртінші билік деуші еді, олай емес, қазір журналистер бірінші биліктің қолшоқпарына айналды. Өкінішті. Сондықтан мен үшін бүкіл программаны жабудың қажеті жоқ, әріптестерімді жақсы көрем, өзім-ақ кетемін. Мен эфирден кеткенімен, эфир менен кете қоймас".