Жаңалықтар

Шымкентте мың дана маска таратылды

Шымкентте мың дана маска таратылды

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес елімізде орын алып отырған індеттің таралуын болдырмау мақсатында тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі  Baq.kz порталына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, әл-Фараби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ішкі саясат басқармасы, қалалық жастар орталығы мен аудан әкімі аппаратының мамандары, сондай-ақ еріктілер қала тұрғындарына арнайы жазбасы бар 1000 дана шар мен маска таратты. Онда "маска тағыңыз", "жақыныңызға жанашыр болыңыз", "үйде қалыңыз", "карантин режимін сақтаңыз" деген жазбалар бар, - деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияның алдын алу тұрғысында қоғамдық көліктер мен қоғамдық орындарға ақпараттық парақшалар жапсырылды.