Петропавлда 3 жасар сәби жоғары төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті
Петропавлда 3 жасар сәби жоғары төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті
«Анасы баласына ноутбук бермек болған. Алайда оның қуаттағышын қасынан таппаған. Сәби көрші бөлмеден терезеде тұрған қуаттағышты әкелуге кеткен. Алып жатып, масаға кіргізбейтін торға (москит) сүйенген бала құлап кеткен», - дейді Игорь Жуков.Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі баланың көз жұмғанын анықтады.
«Статистикаға сүйенсек, бір мен бес жас аралығындағы балалар көпқабатты үйдің терезесінен жиі құлайды екен. Осы оқиғаға ата-аналардың назарын аударғымыз келеді. Баланы бақылаусыз жалғыз қалдырмаңыз. Москит тор құратын болсаңыз, терезеге қорғаныш орнату керек. Балалар көп жағдайда торға сүйеніп құлайды», - дейді Игорь Жуков.Жыл басынан бері елімізде 85 бала терезеден құлап кеткен.