Жаңалықтар

Шымкентте дезинфекциялаудан кейін бір үйдің төрт баласы ауруханаға түсті

Шымкентте дезинфекциялаудан кейін бір үйдің төрт баласы ауруханаға түсті

Шымкентте көрші пәтерге дезинфекция жасалғаннан кейін бір үйдің төрт баласы ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап. «Қалалық гипербологиялық оксигинация орталығының» токсикологиялық бөліміне 13 тамызда сағат 01:45-те «белгісіз затпен улану» алдын ала диагнозымен Әл-Фараби ауданында Қ.Рысқұлбеков көшесіндегі 5 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бір пәтерінен 4 бала жатқызылды. Олар 7 жастағы және 3 жастағы, сондай-ақ 6 жастағы екі бала. Қазіргі таңда олардың жағдайы орташа», делінген хабарламада. Балалардың ата-анасы пәтер жалдап тұрады. Ата-ананың айтуы бойынша көрші пәтерде тұратын тұрғындар дезинфекциялық жұмыс жүргізген. «Оқиға орнына Шымкент қалалық ТЖ департаментінің қызметкерлері барды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтаумен Әл-Фараби аудандық ІІБ қызметкерлері және Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті айналысады», делінген хабарламада.