Мәскеуде Димаш Құдайбергеннің жеке концертіне билеттер сатыла бастады

19 Желтоқсан, 2018 782 0

Наурыз айының 22-сінде Димаш Құдайберген Мәскеу қаласындағы Кремль сарайының сахнасында жеке концертін өткізеді, деп хабарлайды newsroom+ «ҚазАқпарат» ХАА-ға сілтеме жасай отырып.


«Билеттерді бүгінен бастап www.icetickets.ru сайтынан сатып алуға болады. 22 наурыз. Ресей. Мәскеу. Кремль сарайы», - деп жазды әнші Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында.

Бұрын хабарланғандай, Димаш Құдайберген Шанхайда өткен The Silk Road Cohesion Awards 2018 халықаралық кинофестивалінде жыл әншісі және «Жібек жолы мәдениетінің Елшісі» атанды.



Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.