Қарбыздың бағасы неге қымбат?
Қарбыздың бағасы неге қымбат?

"Экспортпен селитра келеді, клеенка келеді Қытайдан товар келмей қалды. Қымбаттап кетті. Диқандар қымбаттатып жіберді, сусыз қалды. Дамба жарылды, су алып кетті. Сол себептердің бәрін базардан іздемей, үкімет өзі барып қадағаласын".Өзбекстанда жарылған дамбадан аққан су Түркістанда қарбыз егемін деп қамданып отырған диқанның жерін басып қалған еді. Ол кебемін дегенше де тұқым тастайтын мезгіл өтіп кетті. Базардағы қымбатшылықтың тағы бір ұшы осында екен. Сонымен көтерме бағаның өзі 110-130 десек, қала орталығындағы мынадай дүңгіршектерде тауардың құнына тағы 20-30 теңге қосылатыны анық. Қалдыгүл МАХАМБЕТОВА, қала тұрғыны: "Сарыағаштағылар айтып жатыр, биыл өзімізде де қымбаттап кетті деп жатыр. Қалта көтермей жатыр. Бірақ аламыз немерелерге". Нұрболат ОРАЗБАЕВ, сатушы:
"Бәрі Ресейге кетіп жатыр дейді. Астатанға әкелгеннен Омскіге , басқа жерге Ресейге сатқан қолайлы дейді. Мысалы Шарын базарына барсаңыз арбуз бізде 150-160 болса , жалпы бағасы 135 теңге".Бұл қарбыздың биылғы қымбаттауының тағы бір себебі екен. Онсыз да аз тауар шет ел асып жатыр. Мұны оңтүстіктің шенділері де растап отыр. Көктемде капустадан аузы күйген министрлік енді қарбызға үрлеп отырғанға ұқсайды. Дәл осы сәтте өзімізге жетпей жатқан өнімге шектеу қойса, бағаның да тұрақталары анық еді. Нұртас ТҰРСЫНБЕКОВ, Жетісай ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы:
"Осы бақша өнімдері шет елге экспортталады. Ресейге, Белоруссия мемлекеттеріне экспортталады. Қалғаны Қазақстанға жіберіледі. Солтүстік өңірлерге жіберіледі".Айналып келгенде қағылып жатқан тұтынушының қалтасы. Былтыр мың теңгеге шамамен 4-5 қарбыз алатынсыз. Биыл біреуінің өзі сондай бағаға шығып түр. Бұл астанадағы жағдай. Енді өзге өңірлердегі әріптестеріміз жіберген ақпаратқа үңілсек. Ақтөбеде қарбыздың келісі 140-150 теңге, Өскеменде де шамамен сол межеде. Шымкентте бұрын соңды болмаған баға тіркелді- 120 теңге. Алматыда әжептеуір арзандау- мұндағы базарлардан қарбыздың келісін 100 теңгеге сатып аласыз, Қарағандылықтарға биыл баға қымбат деп ренжімесе болады, ел бойынша ең арзан жер шахтерлар өлкесі- келісі 80-90 теңге. Қазір Түркістан облысының алқаптарындағы өнім қазан болған. Базардағы мына қарбыз негізінен Шығыс Қазақстан жақтан келіп жатыр. Алайда бұл өлкеден жететін тауар жалпы тұтынатын өнімнің 10 пайызына да жетпейтінен ескерсек, оның көлемі баға тұрақталуына әсер ете қоюы екіталай. Қарбыз бен қауынның құнына қарап шошыған жұрт енді күзде жиналатын картоп, сәбіз бен қырыққабаттың қандай боларын аңғара берсе болады.