Астанада ер адамды кастрациялаған әйелге сот үкім шығарды

28 Сәуір, 2018 1820 0

Астана қаласының Есіл аудандық № 2 сотында ер адамды кастрациялау оқиғасы бойынша сотталушы әйелге үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сот сотталушы Н-ны ҚР ҚК 106-бабы 2-бөлігі 3 және 4-ші тармағы бойынша (кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамға қатысты, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепiлге алумен ұштасқан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) кінәлі деп тауып, бес жыл бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде өтейтін болды. ҚР ҚР 74-бабына сәйкес (жүктi әйелдердiң және жас балалары бар әйелдердің, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектердің жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру) жазасын өтеу мерзімі 3 жылға шегерілді», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметінен. Еске сала кетсек, осы жылдың қаңтар айында 36 жастағы келіншек сүйіктісінің жыныстық мүшесін өткір затпен тілімдеп тастаған болатын. Кейінірек қансыраған ер адамды өз көлігімен ауруханаға алып барған. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Астана қаласы Есіл аудандық №2 сотының 2018 жылғы 24 қаңтардағы қаулысы ретінде сипатталған құжаттың фотосы таралды. Кейін іс сотта қаралып, ер адамды кастрациялаған әйел 5-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені хабарланған еді.

Тегтер: астана, қылмыс, кастрация, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.