АҚШ-та коронавирусты радиациямен емдеу ұсынылды
АҚШ-та коронавирусты радиациямен емдеу ұсынылды
Америка Құрама Штаттары мен Канада мамандары коронавирусты сәулелі терапиямен емдеуді ұсынды. Мамандардың пікірінше, сәулелі терапияны қолдану коронавирустан болатын өлім жағдайларын 20% төмендетуі мүмкін, ал төмен дозада радиацияны қолдану аурудың токсикологиялық әсерлерін жояды.
Бұл әдіс COVID-19 жұқтырған он пациентке қолданылып, сынақтан өткен. Тәжірибелік емдеуден кейін науқастар үш күнде жазылып шыққан. Әдетте коронавирустан кем дегенде 12 күнде сауығады. Зерттеу авторлары сәулелі терапияның кері әсері болмағанын айтуда.