Оралда жүк көлігіне соғылған 6 жасар бала ауыр халде жатыр

Оралда жүк көлігіне соғылған 6 жасар бала ауыр халде жатыр

ашық дереккөзі

Оралда жүк көлігіне соғылған алты жасар бала ауыр халде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің айтуынша, оқиға 11 сәуір күні сағат 13.30 шамасында Екінші база ауданында болған. «КамАЗ» жүк көлігі ұзын тіркемесімен бұрылып жатқан мезгілде алты жасар бала велосипедімен артқы доңғалағына соғылып, ұшып кеткен. Бала дүкеннен келе жатқан. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, бала қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілген. Қазір ауыр халде, жансақтау бөлімінде жатыр.

Жүктелуде...