Лукашенко халыққа мәлімдеме жасамақ
Лукашенко халыққа мәлімдеме жасамақ
Беларусь президенті Александр Лукашенко халыққа шұғыл мәлімдеме жасауға дайындалып жатыр. Бұл туралы "Коммерсант FM" радиостанциясы Twitter желісіндегі парақшасында мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Наталья Эйсмонтке сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Александр Лукашенко халыққа шұғыл мәлімдеме жасауға дайындалып жатыр - президенттің баспасөз хатшысы Эйсмонт", - делінген хабарламада.
"Президент еңбек ұжымдарындағы адамдардың пікірін естіп, маған наразылыққа шыққан тұрғындарды ұстау мәселесін шешуді тапсырды. Бұл соңғы күндері болған оқиғаға қатысты. Қазіргі таңда осы бағытта белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгін кешке рұқсат етілмеген шараларға қатысқан мыңнан аса адам үйіне жіберілді. Ал кәмелетке толмағандар қолхатпен ата-аналарына жіберілді", - дейді Наталья Кочанова Telegram-дағы "Пул первого" каналында.