weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
14 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Лукашенко халыққа мәлімдеме жасамақ

Лукашенко халыққа мәлімдеме жасамақ

Лукашенко халыққа мәлімдеме жасамақ
ашық дереккөзі
 width= Беларусь президенті Александр Лукашенко халыққа шұғыл мәлімдеме жасауға дайындалып жатыр. Бұл туралы "Коммерсант FM" радиостанциясы Twitter желісіндегі парақшасында мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Наталья Эйсмонтке сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Александр Лукашенко халыққа шұғыл мәлімдеме жасауға дайындалып жатыр - президенттің баспасөз хатшысы Эйсмонт", - делінген хабарламада.
Кейін бұл ақпарат аноним Telegram каналда пайда болғаны және бұл мәліметтің әлі нақтыланбағаны хабарланды.
Сондай-ақ, республика кеңесінің төрағасы Наталья Кочанова Лукашенконың атынан наразылыққа шыққан тұрғындарды ұстау мәселесіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, заңсыз митингіге қатысып ұсталған мыңнан аса адам үйіне жіберілген. Ол "Беларусь 1" телеарнасының эфирінде беларусьтарға "төбелес те, соғыс та керек емес" деді.
"Президент еңбек ұжымдарындағы адамдардың пікірін естіп, маған наразылыққа шыққан тұрғындарды ұстау мәселесін шешуді тапсырды. Бұл соңғы күндері болған оқиғаға қатысты. Қазіргі таңда осы бағытта белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгін кешке рұқсат етілмеген шараларға қатысқан мыңнан аса адам үйіне жіберілді. Ал кәмелетке толмағандар қолхатпен ата-аналарына жіберілді", - дейді Наталья Кочанова Telegram-дағы "Пул первого" каналында.