ДДСҰ басшысы Халықаралық валюта қорының бағалау деректерін келтірді. Аталған есепке сәйкес пандемия әлемдік экономикаға айына 375 миллиард доллар шығын әкеледі. Әлемдік экономиканың екі жыл ішіндегі жиынтық шығындары, дәл осындай бағалау бойынша, 12 трлн доллардан асады,деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі
ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
«Әлем пандемияның қысқа мерзімді салдарымен күресуге триллион жұмсаған. Тек G20 елдері пандемияның салдарын жою және жеңілдету үшін бюджеттік ынталандыру шаралары ретінде 10 триллионнан астам долларды жұмылдырды. Бұл әлемнің жаһандық қаржы дағдарысының салдарымен күресуге жұмсаған сомадан үш жарым есе көп», - деді Тедрос Адан Гебрейюс.
Тедрос Гебрейюс осы жылдың сәуір айында ДДҰ әлемдік көшбасшылардың тікелей қатысуымен пандемиямен күрес жөніндегі халықаралық ынтымақтастықтың жаһандық бастамасын іске қосқанын еске салды.
«Үш айдың ішінде біз айтарлықтай нәтижелерге жеттік», – деп атап өтті ол.
ДДСҰ басшысының айтуынша, қазіргі уақытта тоғыз тәжірибелік вакцина клиникалық сынақтың екінші немесе үшінші кезеңінен өтуде. Әлем халқының шамамен 70%-ын құрайтын елдер бастамаға қосылды.
«Бұл COVID-19-бен күрес құралдарын әділ және тең бөлуді қамтамасыз ететін жалғыз жаһандық платформа. Бірақ бұл сәтті болуы үшін жобаны қаржыландыру қажет», – деді Тедрос Адан Гебрейюс.
Оның айтуынша, бұл – қазіргі әлемдегі ең тиімді инвестиция. ДДСҰ бас директорының пікірінше, оңтайлы тәсілді дамыту мүмкіндігін арттыру үшін әлем бірнеше түрлі вакциналар жасауы керек. Тиімді және әмбебап вакцина жасалған кезде, оған деген сұраныс ұсыныстан едәуір асып түседі деп атап өтті.