Нұр-Сұлтан: 7 балаға кавасаки диагнозы қойылды

Нұр-Сұлтан: 7 балаға кавасаки диагнозы қойылды

ашық дереккөзі

 width= "Астана – адалдық аласы" жобасының тікелей эфиріне қатысқан Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Тимур Мұратов жеті балаға Кавасаки синдромы диагнозы қойылғанын айтты. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Әңгіме Кавасаки синдромы туралы емес, Кавасакиге ұқсас синдром туралы болып жатыр. Бұл балалардағы коронавирустық инфекцияның асимптоматикалық курсынан зардап шеккеннен кейін пайда болатын қабыну процесі. Бүгінгі таңда қаламыздағы үш балалар ауруханасында жеті бала бар. Олардың екеуінде COVID-19 расталды, антиденелер бар", - деді Тимур Мұратов.

Ал қалған бес балада коронавирустық инфекцияға қатысты тексерістер нәтиже көрсеткен жоқ. Олар өздерін жақсы сезінеді. Осы жағдайға байланысты Нұр-Сұлтанда профессорлар мен дәрігерлерден тұратын арнайы жұмыс тобы құрылды. Олар бұл ауруды зерттеумен айналысады. Айта кетейік, балалардағы Кавасаки синдромының белгілері аяқтың ісінуі, көздің қызаруы, диарея, құсу сияқты жағдайлармен байланысты болып келеді.  

Жүктелуде...