Сұмдық статистика: Қырғызстанда вирус жұқтырғандар саны 160 мыңнан асады

Сұмдық статистика: Қырғызстанда вирус жұқтырғандар саны 160 мыңнан асады

ашық дереккөзі

 width= Қырғызстанның денсаулық сақтау вице-министрі Мамадин Каратаев елде вирус жұқтырғандар саны ресми статистикадан төрт есе көп екенін айтты.

«Елімізде қазіргі таңда вирус жұқтырғандар саны 41069 адам. Халықтың арасында бұл статистикаға сенбейтіндер өте көп. Біз тек ресми тіркелгендерді ғана айтамыз. Ал егер біз статистикаға ауру белгілері жеңіл өткен немесе ауырғанын мүлде білмегендерді қоссақ, онда вирус жұқтырғандар саны 160 мың адамнан асады», — деді ол.
Коронавирустың Қырғызстанда қарқынды тарауы маусым және шілде айларында болды. Вирус белгілері айқын көрініп тұрса да, тест анықтай алмаған жағдайлар жиі кездескен. Елде вирустан осы уақытқа дейін 1487 адам көз жұмған. Ал билік жағдайдың қиындығына қарамастан басқа елдермен әуе қатынасын қалпына келтіруде. Осы аптада Түркия және БАӘ-мен әуе байланысы ашылды.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Жүктелуде...