Жаңалықтар

Еліміздің жеті өңірінде күн бұзылады

Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 12 сәуір түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Осы күні Петропавл қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз жел жылдамдығы - 15-20 м/с. 12 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Күндіз батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 12 сәуірде Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі.Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде жел екпіні - 15-20 м/с. 12 сәуірде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді. Осы күні Орал қаласында солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 18 м/с жетеді. 12 сәуір түнде Атырау облысының батысында батыс пен оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні - 18 м/с, күндіз 15-20 м/с дейін күшейеді. Атырауда батыс пен оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы - 15-18 м/с. 12 сәуірде таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен күшті жел соғады. Түркістан қаласында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Шымкент қаласында таңертең және күндіз нөсер жаңбыр жауады. 12 сәуірде кей уақытта күн күркірейді, оңтүстік-батыстан соққан желдің қарқыны - 15-20 м/с.