Созақта алаяқтық қылмыстардан сақтандыру шарасы өтті

05 Желтоқсан, 2018 632 0

Түркістан облысы Созақ ауданы әкімдігінің және Созақ аудандық прокуратурасының бірлескен жоспарына сәйкес, Созақ ауылында «Алаяқтықтың алдын алу» тақырыбында көшпелі іс-шара өткізілді, деп хабарлайды  Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі. 

Іс-шараға Созақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ернар Сағындық, Созақ аудандық прокуратурасының аға прокуроры, әділет кеңесшісі Алмас Жағыппаров және Созақ Аудандық Ішкі Істер Басқармасы Жергілікті Полиция Қызметінің аға инспекторы, майор Ермек Тілепов арнайы қатысып, ауыл тұрғындарына алаяқтық қылмыстардан сақтану жолдарын түсіндірді. 

Аудандық қоғамдық кеңес мүшесі Болат Искаков және Созақ ауылының қариясы Абдулла Ижанов сөз алып, пікір білдірді. Бір-бірімен емін-еркін пікір алмасқан көшпелі отырысқа қатысушылар өз ойларын бүкпесіз ортаға салып, жиыннан мол мағлұмат алды. 

Айта кетейік, бүгінде алаяқтық қылмыстың өршіп тұрғаны жасырын емес. Алаяқтықтың негізі өзі құрбан етіп отырған адамды алдау арқылы өзіне ақша, мүлік, басқадай нәрселердің құқын ерікті түрде бергізу.


Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.