«Комсомольская правда» радиосының арнайы эфирінде Владимир Жириновский Беларусь еліндегі жағдайға қатысты ойын білдірді.
«Белоруссия Лукашенко режимін құлатуға дайын, пісіп жетілді. Ол бәрін сатты: Ресейді, Батысты, Украинаны, өз халқын да. Өзін нағыз деліқұлы сияқты ұстайды. Біз оны 20 жыл қолдап келдік. Бірақ ол бізбен ешқандай одақтастық болмау үшін барын салуда. Ресейдің қолдауын алып тастасақ, ондағы бардың бәрі құлайды», - деді Владимир Вольфович.
Жириновскийдің ойынша режим ең соңғы күндерін өткізіп жатыр, себебі халықтың басым көпшілігі оған қарсы.
«Бізге жауымыздың айқын болғаны жақсы, ол өтірік достан артық. Жауыңа сес көрсете аласың, ал өтірік досыңды қолдауға мәжбүрсің. Осылайша бұл адам 25 жыл бойы біздің басымызды қатырып келіпті. Тегін бас қатырса жақсы ғой, қаржымызды сүлікше сорды», - деді Жириновский Лукашенко жайлы.
Асхат ҚАСЕНҒАЛИ