Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
13 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалына түскен өтініш саны 6 есеге артқан

«Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалына түскен өтініш саны 6 есеге артқан

«Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалына түскен өтініш саны 6 есеге артқан
ашық дереккөзі
ҚазАқпарат – Бүгін «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХIХ конференциясы онлайн форматта өтті. Конференцияға облыс әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев пен саяси кеңес мүшелері қатысты, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап. Конференцияға аудандар мен қалалардағы партия өкілдері онлайн режимде қосылды. Мәжілісті партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев сөйлеп, жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға тоқталды. Алдағы жоспарларын баяндап, партияның облыстық филиалы биыл ауқымды жұмыстар атқарғанын және бірқатар игі істерге бастамашыл бола білгенін жеткізді. Оның айтуынша, елімізде короновирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдай кезінде «Біз біргеміз» акциясы өткізілген. «Jas Otan» ЖҚ белсенділерінен жасақталған еріктілер мұқтаж отбасыларға «Есіктен – есікке» принципі бойынша азық-түлік себеттері таратылып, 43540 отбасына азық-түлік себеттері берілген. Оған облыс кәсіпкерлері, партия мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары үлес қосқан. «Елбасы, партия Төрағасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен құрылған «Біргеміз» республикалық қоры арқылы өңірдегі 34055 отбасына 50000 теңгеден берілді. Тұрғындар партияның бұл бастамасына ризашылықтарын білдіріп жатыр. Сонымен бірге өңірде «Өмір» және «Шипа» жобалары қолға алынды. Жоба аясында 50 жасанды тыныс алу аппаратына тапсырыс беріліп, әлеуметтік жағдайы төмен 500-ден астам отбасына дәрі-дәрмек қобдишалары тапсырылып жатыр. Партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 2020 жылдың 16 наурызынан 1 тамызға дейінгі аралықта 15 184 арыз-шағым келіп түсіп, 11 553-і /76,1%/ оңтайлы шешіліп, 3631-іне заң аясында кеңес берілді. Жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда арыз-өтініштер саны 6 есеге артқан. Тұрғындардың арыз-шағымын қабылдау әрі өтініштерін шешу бағытындағы жұмыстар бойынша Түркістан облыстық филиалы республикада 2-орында тұр», – деді Бейсенбай Тәжібаев. Партияның филиал төрағасының орынбасары сондай-ақ, бүгінде өңірде партияішілік праймеризге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, дауыс беруге «Nur Otan» партиясының 80720 мүшесі қатысады деп жоспарлануда. Дебаттарды өткізуге және дауыс беруге арналған 209 орын белгіленген. Жиынды түйіндеген облыс әкімі, партия төрағасы Өмірзақ Шөкеев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дағдарысқа қарсы күрес жөніндегі тапсырмаларын негізге ала отырып, жұмысты жүйелеу керектігіне тоқталды. Партия филиалдарына праймеризді әділ әрі жоғары деңгейде өткізу жөнінде тапсырма берді. «Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Nur Otan» партиясының праймериз өткізуі – отандық партиялық жүйедегі демократияланудың жаңа кезеңінің бастауы. «Мықты лидерлер – мықты партия» қағидаты бойынша өтетін праймеризде жұртшылықтың әртүрлі әлеуметтік топтарын қамтуға көңіл бөлініп отыр. Сондықтан бүгінгі таңдағы міндетіміз – қоғамдық құбылыстарға, ел тағдырына бей-жай қарамайтын, дарынды да креативті азаматтарды алдағы праймеризге белсенді қатысуға шақыру. Партия қатарын мемлекетшіл азаматтармен толықтырып, кадрлық резервті күшейту керек», – деді Ө.Естайұлы.