Түркістан: Отырар ауданындағы Әл-Фараби ескерткішіне жөндеу жүргізілуде
Түркістан: Отырар ауданындағы Әл-Фараби ескерткішіне жөндеу жүргізілуде
Әбу Нәсір әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай Түркістан облысы Отырар ауданындағы «Даңқты бабалар саяжолы» жөндеуден өткізілуде. Ұлы ойшылдың еңселі ескерткіші бой көтерген бұл нысан 2005 жылы салынған, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Көптен бері жөндеу көрмеген саяжолды қалпына келтіру жұмыстарына 71,726 млн. теңге қаржы қаралып отыр. Бұл қаржыға жалпы көлемі 524 шаршы метр жер көгалдандырылып, 48,3 шаршы метр болатын аркаларды травертинмен, ауқымы 101,5 шаршы метр болатын Әл-Фарабидің ескерткіштері гранитпен қапталатын болады.
Сондай-ақ, аяқжолға арналған жолдар салынып, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орналастырылатын болады. Бұдан бөлек, жарықшамдар орнатылып, сахна қайта түрленеді.
Сонымен қатар, аудандағы «Қасірет» мемориалы маңындағы аллеяға да ағымдағы жөнделуде. Жобаның жалпы құны 41,750 млн. теңге. Мұнда 315,4 шаршы метр жерге аяқжол төсемелері төселіп, 315,3 шаршы метр жердегі гранит қаптамаларын ауыстырылып, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін қойылуда. Және жоспар бойынша аталған нысанға жарық шамдар орнатылып, көгалдандырылатын болады.