Миллиардер Илон Маск твиттер қолданушысының Беларуссиядағы наразылықтар туралы жазбасына әсерін білдірді, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі елдегі наразылық туралы ақпаратты «бәріне айтуға» шақыратын хабарлама жариялады. Жазбада ол Илон Маск пен Билл Гейтс туралы да жазған.
Tesla мен SpaceX негізін қалаушы бұл хабарламаға жауап берді.
"Біз не істей аламыз?" - деп сұрады Илон Маск.
Жауап ретінде қолданушылар Беларуссиядағы наразылықтарға назар аударуды, елдегі интернеттің тұрақты жұмыс істеуі үшін Starlink спутниктерін пайдалануды және тағы да басқаларын сұраған.
Президенттік сайлаудан кейін 9 тамызда Беларуссияда наразылық акциялары басталды. Қазіргі мемлекет басшысы Александр Лукашенко ОСК мәліметтері бойынша 80,08% дауыс жинаған.