​Кентауда ұлттық ойындар ұлықталды

05 Желтоқсан, 2018 396 0

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Түркістан облысы, Кентау қаласында ұлттық ойындар сайысы өтті. 

Жастар арасында өткен спорттық сайысты қалалық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында "Даму" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырды. Жастардың бойында рухани құндылықты жаңғырту, ұйымшылдыққа баулу және ұлттық ойындарды насихаттау мақсатында өткен сайыс спорттың асық ату, ләңгі тебу және қол күрестен күш сынасу түрлерінен өтті. 

Нәтижесінде асық ату ойынында 1-орынды Кентау медицина колледжінің студенті Қожабеков Жеңісбек жеңіп алса, 2-орынға Кентау гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Мусанов Азамат, 3-орынға Арнаулы кәсіптік колледжінің студенті Құрманәлі Нұрберген лайық деп танылды. «Ләңгі тебу» ойынында 1-орынды Арнаулы кәсіптік колледжінің студенті Әубәкір Бекзат жеңіп алса, 2-орынға Кентау гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Базарбай Дарын, 3-орынға Кентау медицина колледжінің студенті Тайжан Ерболат лайықты болды. 

Қол күресте 1-орынды Кентау медицина колледжінің студенті Боранбаев Жасұлан, 2-орынға Арнаулы кәсіптік колледжінің студенті Жандаралиев Ерболат, 3-орынға Кентау гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Алиев Бекболат жеңіп алды.


Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.