Ғасыр таспасы – «ҚазАқпаратқа» 100 жыл!

Ғасыр таспасы – «ҚазАқпаратқа» 100 жыл!

ашық дереккөзі

 width= 100 жыл бұрын (1920) бірінші қазақ ақпарат агенттігі, қазіргі «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» АҚ 1920 жылы РОСТА-ның Орынбор-Торғай бөлімшесі негізінде құрылды. Агенттік ол кездегі қазақ елінің астанасы – Орынборда орналасқан еді. 1925 жылы - агенттік аты ҚазРОСТ болып өзгертілді. 1937 жылы - ҚазТАГ деген атпен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қарауына берілді. Кеңес үкіметінің тұсында «ҚазАқпарат» қаншама рет өзгеріске ұшырады. 1997 жылы қыркүйектің 10-ында Қазақстан Республикасы Президентінің №3629 Жарлығымен «Қазақ ақпарат агенттігі (ҚазАА)» республикалық қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді. 2002 жылы қарашаның 8-інде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1186 қаулысына сәйкес ҚазААГ негізінде «Қазақ ақпарат агенттігі» Ұлттық компаниясы («ҚазАқпарат» ҰК) құрылды. 2008 жылы шілденің 3-інде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №668 қаулысына сәйкес «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» акционерлік қоғамының құрамына кірді. 2012 жылғы тамыздан 2014 жылға дейін «Қазақстан» РТРК» АҚ құрамында болды. 2014 жылдың қаңтарында «ҚазАқпарат» елде алғашқы Халықаралық ақпарат агенттігі (ХАА) мәртебесіне ие болып, өз тарихының жаңа кезеңін бастады. Бүгінде құрамында 9 портал және 5 тіл, 2 әліпбилік нұсқада хабар тарататын «ҚазАқпарат» ұжымын бір ғасырлық мерейтойларымен құттықтаймыз! Жаза көбейіп, ойлы оқырмандарыңыздың саны артсын.

Newsroom + ақпарат агенттігінің ҰЖЫМЫ

Жүктелуде...