Отырарда «Ертегі әлемінде» атты оқу сағаты өтті

05 Желтоқсан, 2018 498 0

Түркістан облысы Отырар ауданында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы аясында Ақбол балабақшасының бүлдіршіндерінің қатысуымен «Ертегі әлемінде» атты ертегілерден үзінді оқу сағаты өткізілді. 

Отырар аудандық балалар кітапханасы қызметкерлері ұйымдастырған шара балалардың ұлттық рухани білімдерін жетілдіруді мақсат тұтқан. Балалар білімді, тәрбиені ертегіден, яғни кітап оқудан алады, ал кітап оқу арқылы білім шыңына қол жеткізеді. «Тек кітап қана алға жылжуды, адамдық шыңына шығуды үйретеді» - деген ұлт көшбасшысының қанатты сөзі барша кітапхана қызметкерлерінің көкейінде қалып, өмірлік ұстанымына айналған. 

Оқу сағаты барысында бүлдіршіндерге «Ертегілер елінде» атты кітап көрмесі ұсынылды. Кітапхана қызметкерлері көрмеге шолу жасап, бүлдіршіндерге ертегілер оқып берді және сол ертегілер бойынша сұрақтар қойылды. Сондай-ақ, шара барысында «Ертегі кейіпкерлері» атты викторина, «Жұмбақтарды шеш» ойыны ойнатылды. Балалар іс-шараға белсене, қызығушылықпен қатысты.



Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.