Ақпараттық түсіндірме жұмыстарында Отырар ауданы оқ бойы озық тұр

05 Желтоқсан, 2018 664 0

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің және Ұлттық бюроның Түркістан облысы бойынша Департаменттерінің ұйымдастыруымен халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Адал жол» эстафеталық марафонының қорытындылау іс-шарасы болып өтті. 

Шараға облыс әкімінің орынбасары Е.Садыр, «Адал жол» марафонын өткізуге белсенділік танытқан қалалық, аудандық әкімдіктердің өкілдері мен белсенді жастары, БАҚ өкілдері және т.б. қатысты. Жиынның мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру арқылы осы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және аталған індеттің деңгейін төмендету болып табылады. 

Ең алғаш сөз алған Түскістан облысы әкімінің орындасары Е. Садыр өңірімізде сыбайлас жемқорлықпен күресуде белсенділік танытқан азаматтарға алғыс айтып, облыстың абыройын көтеру мақсатында осы індетпен әрі қарай бірлесіп күрес жүргізуге шақырды. «Адал жол» марафонының нәтижесі бойынша ең үздік болып Шардара ауданы атанса, Отырар ауданы «үздік ақпараттық түсіндірме жұмыстары» номинациясына ие болды.



Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.