Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
13 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Құран оқимын, Kaspi Gold-ыма тағы 30 мың теңге жібер!»: Ынсапсыз имам марқұмның туыстарынан ақша талап еткен

«Құран оқимын, Kaspi Gold-ыма тағы 30 мың теңге жібер!»: Ынсапсыз имам марқұмның туыстарынан ақша талап еткен

«Құран оқимын, Kaspi Gold-ыма тағы 30 мың теңге жібер!»: Ынсапсыз имам марқұмның туыстарынан ақша талап еткен
ашық дереккөзі
Елорда маңында тұратын тұрғын Қоянды аулының имамы туысының қырқына дейін құран оқып тұру үшін ақша талап еткенен айтты. Бұл туралы NewsRoom+ Ақпарат тілшісі Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап. Елімізде жақынынан айырылып, қайғы жамылған отбасы көп. Елорда тұрғыны Айман Елемес (аты-жөні өзгертілді – ред.) те жақында ғана жеңгесінен айырылды. Әлемді жайлаған дерттің кесірінен аяқасты туғанынан айырылған отбасының Қояндыдағы имамға өкпесі қара қазандай. Неге дейсіз ғой? Ол марқұмның жаназасын шығару үшін қайғыдан қан жұтып отырған отбасыдан 50 мың теңге сұраған. Мұнымен қоймай, кешке жақын «Менің Kaspi Gold-ыма тағы 30 мың теңге аударып жіберіңіздер, қырқына дейін Құран оқып тұруым керек» депті. Айман Елеместің жарынан айырылған ағасы имамның бұл әрекеті ұнамаса да, сұрағанын беріпті. Өйткені тура жұбайын жерлейін деп жатқанда ешкімді таба алмаған. «Бағасын айтпаса да, берер едік қой. Мынадай қиын кезеңде имамның бұл әрекеті бізге ауыр тиді. Індеттен аяулы анамыз бен жеңгеміз көз жұмды. Қазір отбасымызбен есімізді жия алмай отырмыз. Білесіздер, жерлеу рәсімін көпке созбай, тез аяқтауға тырысып жатыр. Оның қырқына дейін Құран оқып жүргенін біз қалай біле аламыз? Осындай кезде қалай мұндай арсыздыққа баруға болады?», – деді Айман Елемес. Белгілі болғандай, оқиға елорда іргесіндегі Қоянды ауылында болған.