weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
13 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан шекарасынан есірткі алып өтпек болған шетелдіктер ұсталды

Қазақстан шекарасынан есірткі алып өтпек болған шетелдіктер ұсталды

Қазақстан шекарасынан есірткі алып өтпек болған шетелдіктер ұсталды
ашық дереккөзі
Қазақстан шекарасынан есірткі алып өтпек болған шетелдіктер ұсталды, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. Комитет мәліметінше, тыйым салынған заттар Қонысбаев кеден бекетінде анықталған. Мемлекеттік кірістер комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері есірткі заттарын шетелдіктердің киімдерінен тапқан.
"Бірінші дерек осы жылдың 10 тамызында тіркелді. Өзбекстан азаматы еліне қайтып бара жатқан. Алайда ол кеден бекетінен өту кезінде күмәнді әрекеттер жасап, қызметкерлердің көзіне түскен. Ер адамның жеке заттары мен киімін тінту барысында белбеуіне бекітілген полиэтилен пакетіне оралған белгісіз зат табылды. Мамандар оның "қарасора бүршігі" екенін анықтаған. Бір күннен кейін тыйым салынған заттардың өткізудің екінші жағдайы тіркелді. Дәл осы кеден бекеті арқылы Тәжікстаннан Литваға жол жүріп бара жатқан көлік жүргізушісінің қалтасынан күмәнді ұсақ пакет табылды. Оның ішінде жасыл түсті иісі бар зат болған. Алдын ала мәлімет бойынша бұл салмағы 3 грамм болатын гашиш есірткісі", - делінген хабарламада.
Бұл фактілер бойынша барлық материал құқық қорғау органдарына тергеу амалдарын жүргізу және сәйкес шешім шығару мақсатында жіберілді.
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→