Ерекше дауыс иесі, "қатал құдағи" сынды ерекше қабілетімен көрермендердің көңілінен шығып жүрген Жанар Айжанова қызы Айжұлдызды ұзатты, деп хабарлайды
NewsRoom+ақпарат агенттігі.
Бұл туралы әнші Жанар Айжанова өз Instagram парақшасында жариялады.
"Біздің шаңырақта қуаныш. Айжұлдызымды әкесі екеуміз шағын ғана туыстардың басын қосып, батасын алып ұзаттық. Ендігі жерде қызымның өзіне қорған болар, арқа сүйейтін азаматы -Қыран деген күйеубаламызға табыстадық. Құдайға шүкір. Бар білетін қазақтың салтын сақтадым",-деп жазды әнші.
Сондай-ақ ол әкесінің әкесінің қимай көзіне жас алып, сөйлей алмай қалғандығын айтып, ағынан жарылды.
"Папасы қызын қимай, сөйлей алмай, көз жасына ерік берді!"-деп жазды.
Еске сала кетсек, Жанар Айжанованың бұрынғы күйеуі жол апатынан қайтыс болған. Екінші рет тұрмысқа шығып, қызына әкелік қамқор болған жарына үнемі алғысын жаудырып жүреді.