Ал Қызылордада екі бала суға батып кетті. Кеше кешкі 7-лер шамасында құтқарушыларға Қараөзек ауылы Сауранбай каналы мен Сырдария өзенінің түйіскен жерінде 2007 және 2010 жылғы туған екі ер жеткіншектің суға ағып кеткендігі жайында хабарлама келіп түскен. Бұл туралы
Newsroom+Ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға орнына төтенше жағдай департаментінің 10 қызметкері мен 3 арнайы техника жеткізілген. Жедел құтқару жасағының сүңгуірлері балаларды кешкі 10-ға дейін іздеген, алайда таппаған. Іздестіру жұмыстары келесі күні таңғы 5-те қайта жалғасқан.
Нұрсұлтан ИБРАГИМОВ, Қызылорда облысы ТЖ Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі мемлекеттік мекеменің басшысы:
"06 сағат 45 минут шамасында 2007 ж.т жасөспірім табылып,08 сағат 30 минут шамасында 2010 ж.т. екінші жасөспірімнің мәйіттері су астынан шығарылды. Қызылорда облысы халқына тұрғындарына үгіт насихат, түсіндірме жұмыстары қаншама рет жүргізілгенімен қазір жыл басынан бастап 27 оқиға, 30 адам осындай қайғылы жағдайға түсіп отыр суға кетіп. Оның ішінде 11-і бала.