Коронавирус тауық қанаттарынан табылды

Коронавирус тауық қанаттарынан табылды

ашық дереккөзі

 width= Коронавирус Қытайдың Шэньчжэнь қаласында мұздатылған тауық қанаттарынан табылды. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Global Times сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, өнім Бразилиядан әкелінген. Ауруларды бақылау мен алдын-алудың жергілікті орталықтары Оңтүстік Америка елінен алынған өнімнен вирустың бар-жоғын тексерді. Тест нәтижесі оң болды. Жергілікті биліктің айтуынша, бұл өнімге қол тигізген барлық қызметкерлер сынақтан өткен. Қызметкерлердің нәтижелері теріс болды және қоймадағы ілеспе өнімдер мөрленді. Қазірдің өзінде сатылған өнімдер бақыланған. Вирус бұған дейін Оңтүстік Америка елдерінен, соның ішінде Эквадордан әкелінген мұздатылған теңіз өнімдерінің орамасынан табылған. Кейбір сарапшылардың пікірінше, вируске қолайлысы тамақтың сақталу температурасының төмен болуы екен.

Жүктелуде...