Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенко Беларусь президенті Александр Лукашенкоға видеоүндеу жасады. Ол кезектен тыс президент сайлауын өткізуге шақырды, - деп хабарлайды
NewsRoom+ Ақпарат тілшісі
Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
Порошенко Беларусьтің "бейберекетсіздік пен саяси тұрақсыздыққа түсіп бара жатқанына" үнсіз қарап отыра алмайтынын атап өтті.
Ол билікке қоғаммен ашық диалогқа шығуға шақырды.
"ОБСЕ және Еуропалық кеңесті қатыстыра отырып, халықаралық ұйымдар мен құрылымдардың өкілдерін шақырып, сайлау процесіне сенімді болғаннан кейін Беларусьте кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы жариялау керек", - деді Порошенко.
Сондай-ақ ол халықаралық қауымдастықты "ресейлік агрессордың іс-әрекетін қарауға" шақырды. Оның айтуынша, "ресейлік агрессор" "Беларусь мемлекеті мен тәуелсіздігін" құртудың қолайлы сәтін күтіп отыр.
Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Беларусьте болып жатқан жаппай наразылық шаралары туралы пікір білдіргені хабарланды.