Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
13 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

СҚО: демалыс күндері карантин режимі күшейтіледі

СҚО: демалыс күндері карантин режимі күшейтіледі

СҚО: демалыс күндері карантин режимі күшейтіледі
ашық дереккөзі
 width= СҚО-ның бас санитариялық дәрігері Серікбай Қасмақасовтың жаңа қаулысы бойынша демалыс күндеріне шектеу шаралары 15 тамыз күні сағат 00.00-де күшіне еніп, 17 тамыз сағат 00.00-ге дейін жалғасады. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Бұл жолғы қаулыда өзгеріс бар. Мейрамхана мен дәмханада тағамды тапсырыс бойынша жеткізумен қатар, келушілерге өзімен алып кетуге салып бере алады. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының бөлшектерін сататын дүкендерге жұмыс істеуге рұқсат берілген. Бұдан басқа азық-түлік және дәрі-дәрмек сататын сауда орындарынан басқасы, базарлар, демалыс орындары мен монша-сауналар, саябақтар, туризм және спорт нысандары жұмысын тоқтатады. Өңір тұрғындарына отбасылық мерекелерді өткізуге, той-томалаққа баруға, туған-туыс, дос-жарандарын аралауға тыйым салынған. Жалпы бұл күндері жұмысқа баруға, жақын маңдағы азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға баруға және аулада үй жануарларын серуендетуге ғана шығуға рұқсат берілген. Қала, елдімекендер ішінде, сондай-ақ саяжайларға баратын қоғамдық көліктердің жұмысы уақытша тоқтатылады. Айта кетейік, СҚО-да өткен тәулікте 33 адамда коронавирус белгілері анықталса, 41 науқас тәуір болды. Жалпы наурыз айынан бері өңірде қауіпті індеттің 3641 жағдайы тіркелсе, 2527 адам емделіп шықты. 17 адам қайтыс болды.  

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату