Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
13 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Шымкентте «Shymkent bike» жобасы іске қосылмақ

Шымкентте «Shymkent bike» жобасы іске қосылмақ

Шымкентте «Shymkent bike» жобасы іске қосылмақ
ашық дереккөзі
Шымкент қаласында үлкен магистральды көшелерге веложолақтар салынып, «Shymkent bike» жобасы іске қосылмақ. Бұл жұмыстар толығымен аяқталғанда, тұрғындар велосипедті қоғамдық көлік ретінде пайлана алады, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап. Атап айтқанда «Shymkent bike» әлеуметтік-инновациялық жобасы шеңберінде 200 велосипедті құрайтын 40 велостанция іске қосылуға дайын тұр. Алдағы 1,5-2 айдың көлемінде велосипедтер тұрғындар игілігіне беріледі деп күтілуде. Жоба аясында пайдаланушылар үшін қолжетімді және ыңғайлы тарифтік жоспарлар әзірленген. «Bike Sharing» жүйесі арқылы тұрғындар мен қала қонақтары велосипедті жалға алудың алғашқы 30 минутында тегін айдай алады. Яғни, велосипедтерді жақын орналасқан станцияларда алмастырып, ұзақ уақыт бойы тегін қолдануға мүмкіндік болады. Ал, абоненттік төлемдердің құны сағаты мен мерзіміне қарай 100 теңгеден басталып, 10 мың теңгеге дейін белгіленген.