Түркістан: «Тәуелсіздік — ұлы дала ұрпақтарына аманат»

15 Желтоқсан, 2018 825 0

Түркістан облысы Отырар ауданында өтіп жатқан Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шара­лар Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында жалғасты. «Тәуелсіздік-Ұлы дала ұрпақтарына аманат» тақырыбындағы тәрбиелік мәні зор шараға аудан әкімі Ерлан Айтаханов арнайы барып қатысты.


Мерекелік шараға жиналған көпшілікке мектеп-гимназияның ұстаздары мен оқушылары «Тәуелсіздік жолындағы еңбек» атты сурет және қолөнер көрмесін ұсынды. Мұнан соң мектеп оқушылары дайындаған мерекелік шара басталып, «Ата­мекен» хор ұжымы «Менің Отаным» әнімен салтанатты жиынның шымылдығын түрді. 
Шарада сөз алған аудан әкімі: «Тарихи жәдігерлеріміз бен бай мұраларымызды өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттап, жастарды өткен тарихымызды тануға тәрбиелеудің маңызы зор. Осы бағытта кезінде аты әлемге мәшһүр болған даңқты Отырар қаласынның орны бүгінде сонау жылдардан сыр шертетін тарихи орынға айналып отыр. Алдағы уақытта басқа да жобаларды қолға алу жоспарымызда бар. Осының бәрі шындап келгенде Тәуелсіз еліміздің 27 жыл ішінде жеткен жетістігі деп білемін», - деп кеш қонақтары мен ұйымдастырушыларды Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады. 
Салтанатты шарада халық аспаптары оркес­трі күмбірлеген күй тартса, мектептің өнерпаз оқушылары патриоттық әндерді шырқады.


Тәуелсіздіктің 27 жылдығына арналған ме­ре­келік жиында мектеп-гимназияның үлгілі, озат оқушыларын республикалық қоғамдық бірлестік «Жас Ұлан», «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау рәсімі өтіп, оқшылар ант қабылдады.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.