Кентаулық түлектер ауруханаға 9 оттегі концентрантын тарту етті
Кентаулық түлектер ауруханаға 9 оттегі концентрантын тарту етті
Әлемді жайлаған жаман індетпен күресте жомарт жандар қолдан келген көмегін аямауда. Кентау қаласының №1 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің 1969 жылғы түлектерінің ұйымдастыруымен, Кентау қалалық орталық ауруханаға 9 оттегі концентрантын сыйға тарту етті. Жеткізілген оттегі конценртантын аурухана дәрігерлері қабылдап алды. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Дәл осындай 2 құрылғыны Кентау қаласының №3 «Білім-Инновация» ер балалар лицей-интернатының оқушылар мен ата-аналарының ұйымдастыруымен сатып алынды.
Қайырымдылық көрсеткен түлектерге жерлестері мен дәрігерлер алғыстарын жеткізді.