Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
31 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Кентаулық түлектер ауруханаға 9 оттегі концентрантын тарту етті

Кентаулық түлектер ауруханаға 9 оттегі концентрантын тарту етті

Кентаулық түлектер ауруханаға 9 оттегі концентрантын тарту етті
ашық дереккөзі
 width= Әлемді жайлаған жаман індетпен күресте жомарт жандар қолдан келген көмегін аямауда. Кентау қаласының №1 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің 1969 жылғы түлектерінің ұйымдастыруымен, Кентау қалалық орталық ауруханаға 9 оттегі концентрантын сыйға тарту етті. Жеткізілген оттегі конценртантын аурухана дәрігерлері қабылдап алды. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Дәл осындай 2 құрылғыны Кентау қаласының №3 «Білім-Инновация» ер балалар лицей-интернатының оқушылар мен ата-аналарының ұйымдастыруымен сатып алынды. Қайырымдылық көрсеткен түлектерге жерлестері мен дәрігерлер алғыстарын жеткізді.