Түркістан: Экологиялық сауаттылық – болашақ кепілі

17 Желтоқсан, 2018 741 0

Түркістан облысы, Арыс қаласы С.Қожанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында, «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының негізінде «Өлкетану» базалық бағытын жүзеге асыру мақсатында «Экологиялық сауаттылық – болашақ кепілі» тақырыбында қалалық семинар- практикум болып өтті.

Семинар-практикумға Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әдіскері Мухаметова Амина Келдібайқызы мен «Жас туристер, натуралистер, техниктер станциясының» директоры Қарынтаева Ұлжалғас Оңғарбайқызы және аудан мектептерінің Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен жаратылыстану бағытындағы сабақ беріп жүрген мұғалімдер мен ғылыми жұмыспен айналысып жүрген оқушылар қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Семинар-практикумды мектеп директоры Үдерханов Мейрамхан Назанұлы ашып беріп, іс-шараның бағдарламасымен таныстырып өтті. Онда түрлі тақырыптағы ғылыми жұмыстар қорғалып, көрмелермен таныстырылып, соңы оқушылардың қойған қойылымдары мен коцерттік бағдарламаға ұласты.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.