Тәжікстанда мемлекеттік шенеуніктер тапсыратын табыс декларациясы түбегейлі өзгерді.
Енді табыс декларациясына кіретін формаға міндетті түрде келесі табыс көздері жайлы ақпараттар көрсетілуі тиіс: негізгі жұмыс орнынан табысы, негізгі жұмыс орнынан бөлек табыс мөлшері, жалға берілген жылжымайтын мүліктен түсетін табыс мөлшері, ғылыми, шығармашылық және педагогикалық курс өткізу арқылы табатын қаржысы, жерді жалға берген немесе жалға алғаннан түсетін табыс мөлшері, банк салымдарынан түсетін табысы.
Сонымен қатар мүлік жайлы декларация бөлімінде шетелде мүлкінің бар-жоқтығы, қанша бас мал, құс, ит, мысық асырайтыны, үйіндегі әшекей саны көрсетілуі керек. Табыс декларациясын әр мемлекеттік шенеунік жыл сайын 1-сәуірге дейін жергілікті салық органдарына өткізуге міндеттелді.
Жалған ақпаратты беру қылмыстық істі қозғауға әкеліп соқтырады.
Асхат ҚАСЕНҒАЛИ